USD
USD
USD

Смоляков жаңа агенттікке кетті

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары қызметін атқарған Олег Смоляков жаңадан құрылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттік (ҚНРБА) төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы FINANCE.kz арнасы жазады. 

Смоляков жаңа агенттікке кетті
Фото: NEGE.kz

Бұған дейін Смоляковпен бірге Ұлттық Банк төрағасының орынбасары қызметін атқарған Мәдина Әбілқасымова ҚНРБА басшылығына тағайындалған болатын. Смоляков Ұлттық Банкте 23 жыл жұмыс істеді. 1996 жылы Зерттеулер және статистика департаменті секторының жетекші экономисі қызметінен бастап, 2014 жылы төрағаның орынбасары қызметіне көтерілді.

Тақырыпқа орай: Әбілқасымованың жаңа креслосы: Сарапшылар не дейді?

 

29 қарашада Ұлттық банк қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жұмыстарынан «құтылатынын», бұл өкілеттілік жаңа жылдан бастап құрылатын жаңа агентікке берілетінін мәлімдеген болатын. Агенттікке берілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі 34 пункттен тұрады және онымен мына сілтемеден толығырақ таныса аласыздар.

Желтоқсанның басында Nege.kz сұрағына жауап берген сарапшылар, агенттікке басшы болып келу мүмкіндігі ең жоғары қаржыгерлер арасынан Данияр Әкішевті атаған болатын. Бірақ, Данияр Талғатұлы Президенттің көмекшісі қызметінде қалды. Сонымен бірге, сарапшылар болжаған үміткерлер тізімінде Елена Бахмутова, Үміт Шаяхметова, Болат Жәмішев сынды қаржыгерлер де болған. Ол болжамның ешбірі орындалмады.  

Агенттіктің өзін су жаңа деуге келмейді. 2004-2011 жылдар аралығында ол Қаржы нарығын бақылау агенттігі деген атпен жұмыс істеді. Тек 8 жыл бұрын Елбасының жарлығымен Агенттік Ұлттық банкке қосылып, дербес орган ретінде өз жұмысын тоқтатқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

Бензин, дизель

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan