USD
USD
USD

Смайылов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Смайылов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қорытындысы бойынша "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңымен белгіленген өлшемшарттарына сәйкес келетін бірқатар олигополия субъектілерін Тізілімге енгізу туралы шешім қабылданды.

Инвестициялық, беделді, әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен факторларды ескере отырып, Тізілімнің мазмұнын Комиссия таралуы шектеулі ақпаратқа жатқызды.

Бас прокуратураның Активтерін қайтару жөніндегі комитетіне субъектілерді олардың Тізілімге енгізілгені туралы хабардар ету жөнінде шаралар қабылдау көрсетілді.

Тізілімге енгізілген тұлғалар өздеріне тиесілі активтерді иеліктен шығару, ауыртпалық салу немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы Комитетті алдын ала хабардар етуге міндетті.

Комитет активтерді заңсыз шығару схемаларына тартылған тұлғаларды, олардың орналасқан жерін, құнын, сондай-ақ сатып алу белгілері мен көздерін анықтау мақсатында ақпаратты мониторингілеу және талдау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси