USD
USD
USD

Смайылов цифрландыруды енгізу мәселесі бойынша отырыс өткізді

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді. 

Смайылов цифрландыруды енгізу мәселесі бойынша отырыс өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Интернет сапасын жақсарту, байланыс инфрақұрылымын және жаңа цифрлық өнімдерді дамыту жоспарлары талқыланды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын әзірлеу барысы және мемлекеттік органдардың деректерін цифрландыру барысы туралы баяндады.

Әлихан Смайылов 1 ай мерзімде «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын пысықтап, оны басқа мемлекеттік органдармен келісуді тапсырды, сондай-ақ деректер базасын жаңғырту кезінде ақпаратты 100% қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеуге және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жыл сайынғы тізімдемесін жүргізуге мүмкіндік беретін «VET-Mobile» мобильді қосымшасын енгізу және елдегі бағаналар жүйесін дамыту мәселелері қаралды. 

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек»

статистика

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Смартфон

«Келешек мектептері» жаңа білім беру тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталық болуға тиіс – Президент

Келешек мектеп

Қазақстанға тағы 5 мыңнан астам мұғалім керек – Тоқаев

маман тапшылығы