USD
USD
USD

Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір білдірді

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындауды барлық басшыларға тапсырды.

Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Президент берген тапсырмаларды нәтижелі орындау керек. Президенттің біздің жұмысымызға қатысты кеше айтылған сыны өте маңызды екенін атап өткім келеді. Барлық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен квазимемлекеттік сектор белсендігін арттыру қажет", - деді  ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов

Премьер-министр бірінші басшыларға президент тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауда ұстауды тапсырды.

Ол жобалар мен бағдарламалардың барлығы өңірлерде іске асырылатынын айта келе, олар халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондықтан үкімет пен әкімдіктер өзара орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешу керек.

"Жалпы үкімет жұмысының нәтижелі болуы әрқайсымыздың тиімді жұмыс істеуімізге байланысты. Ел экономикасының дамуы халықтың тұрмыс сапасының жақсарғанын сезіну үшін жоспарланған жұмысты бірлесе атқаруға күш салуымыз керек", - деді Әлихан Смайылов.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу