Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Смайылов Маминнен екі шенеунікке қатаң сөгіс беруді сұрады

Министр Бақыт Сұлтановтың айтуынша, сәуір айында азық-түліктің ең жоғарғы бағасы Жамбыл облысы мен Атырау облысында 3,8% тіркелді

Смайылов Маминнен екі шенеунікке қатаң сөгіс беруді сұрады
Фото: NEGE.kz

. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауына жол берген екі әкім орынбасарына қатаң сөгіс жарияланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  "Бірінші тоқсанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өсуінің ең жоғарғы деңгейі Атырау және Жамбыл облыстарында орын алды. Осыған байланысты бұл жұмысқа жауапты Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлы мен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нығмашев Берік Болатұлына қатаң сөгіс беруді тиісті облыс әкімдеріне тапсыруды сұраймын", – деді бірінші вице-премьер Әлихан Смайылов үкімет басшысы Асқар Маминге.

Премьер-министр азық-түлік бағасының өсуіне жол бергені үшін Смайыловтың қатаң сөгіс жариялау туралы ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

Ал сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 3,2%-ке өсті. Өткен жылдың осы кезеңінде азық-түлік өнімдері 4,8%-ке қымбаттаған.

"Сонымен қатар, кейбір өңірлерде әлі күнге дейін жоғары өсім байқалады. 6 сәуірдегі жағдай бойынша ең жоғарғы баға өсімі Жамбыл облысында 4,2% және Атырау облысында 3,8% тіркелді. Ең төмен өсім – Шығыс Қазақстан мен Ақмола облысында", – деді ол үкімет отырысында.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық