USD
USD
USD

Смайылов Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚХР-дың ҚР-дағы елшісі Чжан Сяомен кездесті

Смайылов Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді 
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды primeminister.kz.  

Астана. NEGE. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, АӨК, «жасыл экономиканы» дамыту, цифрландыру, трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану және т. б. салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Қытайға Қазақстаннан экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайту, сондай-ақ шекара маңындағы өзара іс-қимылды одан әрі арттыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Премьер-Министр жеткізу тізбегін қалпына келтіру, Қазақстан – Қытай шекарасындағы барлық автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сонымен қатар ҚР мен ҚХР арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру қажеттілігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын “қайта қарау” және сыртқы басты серіктестермен, соның ішінде Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөнінде алдымызға бірқатар міндет қойды», — деді Ә. Смайылов.

Чжан Сяо Қазақстанмен ынтымақтастық Қытайдың сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. ҚХР Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді және қажетті қолдау мен жәрдем көрсетуге дайын. Қытай — Қазақстанның ірі сыртқы сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.

2021 жылдың 11 айында екіжақты сауда көлемі $17 млрд-тан асып, 13,6%-ға өсті.

Қазір оқып жатыр

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев