USD
USD
USD

Смайылов ДДСҰ өкілдерімен темекіге бақылауды күшейту мәселесін талқылады

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы (ДДСҰ ТКНК) Хатшылығының басшысы Адриана Бланко Маркизомен кездесу өткізді.

Смайылов ДДСҰ өкілдерімен темекіге бақылауды күшейту мәселесін талқылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараптар қазақстандық заңнаманы ДДСҰ ТКНК стандарттарына үйлестіру бағытында ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстанда темекіге бақылауды күшейтудің өзекті мәселелерін талқылады, делінген Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әлихан Смайылов азаматтардың денсаулығын нығайту мәселесі тұрақты назарда екенін атап өтті. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ратификациядан өткен Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясын сақтайды.

"Біздің еліміз Ұлттық заңнама деңгейінде қағидаттарды енгізе отырып, ДДСҰ міндеттемелерін орындау бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Жүргізіліп жатқан шаралардың арқасында халықтың өмір сүру ұзақтығы артып, темекі тұтыну деңгейі төмендеді. Қазақстандықтар темекі түтіні жоқ ортаны қолдайды және темекіден бас тартқысы келетіндердің қатары көбейіп келеді", - деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов

Өз кезегінде Адриана Бланко Маркизо Қазақстанда халықтың денсаулығын жақсарту үшін қабылданып жатқан іс-шараларды атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park