USD
USD
USD

СІМ Таиланд пен Камбоджа арасындағы бірлескен декларацияға қатысты мәлімдеме жасады

Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бірлескен декларацияның қол қойылуына орай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Нұртілеу
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Алматы, NEGE. — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2025 жылғы 25-28 қазанда Куала-Лумпурда өтіп жатқан Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) 47-ші саммиті аясында АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Малайзияның Премьер-министрі Анвар Ибрагимнің тікелей қатысуымен Таиланд Корольдігі мен Камбоджа Корольдігі арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бірлескен декларацияның қол қойылуын құптайды, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдемесінде сондай-ақ Қазақстан Оңтүстік Шығыс Азия өңірінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған тараптардың күш-жігерін жоғары бағалайтыны айтылған. Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаттарына, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз етуге бейілділікті көрсетеді, сондай-ақ кез келген дауларды реттеуде дипломатиялық шешімдердің баламасыздығын дәлелдейді.

— Осы Бірлескен декларацияның қол қойылуы Таиланд пен Камбоджа арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың одан әрі нығаюына берік негіз қалайтынына және де АСЕАН аясындағы өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге өз үлесін қосатынына сенімдіміз, — деп жазды министрліктен.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер

Қазақстанда мобильді аударым лимиті 1 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қоңырау

Қазақстан мен Корея: саяси диалогтан технологиялық әріптестікке

Жансая Нұралиева