USD
USD
USD

СІМ Солтүстік Кипрде пышақталған қызға қатысты тың дерек ұсынды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде пышақ жарақатын алып, ауыр халде ауруханаға түскен 22 жастағы Жанерке Әбдіразақованың азаматтығына қатысты тың деректі хабарлады.

азаматтық
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұған дейін жергілікті БАҚ-та тараған ақпаратта Жанеркенің Қазақстан азаматы екені айтылған еді. Алайда министрлік өкілдері бұл деректі теріске шығарды.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде болған оқиғада зардап шеккен азаматқа қатысты келесіні хабарлайды. Мәліметтерді нақтылау барысында зардап шеккен азаматтың Қазақстанда туғаны, алайда оның Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды», – деп хабарлады СІМ өкілдері NEGE-ге.

Айта кетейік, оқиға 3 тамыз күні Солтүстік Кипрдің Никосия қаласындағы супермаркеттердің бірінде болған. Белгісіз ер адам жас қызға пышақпен шабуыл жасап, артынша өзін жарақаттаған. Екеуі де мемлекеттік ауруханаға ауыр халде жеткізілген.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары шабуыл жасаған ер адам қыздың бұрынғы жігіті болуы мүмкін екенін хабарлады. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram