USD
USD
USD

Непалдағы су тасқынында хабар-ошарсыз кеткендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

26 тамызда Непалдың Тибетпен шекаралас аумағында сел жүріп, жойқын су тасқыны болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ел аумағында қаза тапқан 270 адамның денесі табылған, 800-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен.

Непал
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. Сыртқы істер министрлігі әзірге Непалдағы су тасқынынан зардап шеккен немесе хабар-ошарсыз кеткен Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ СІМ өкілдері ақпарат жаңартылуы мүмкін екенін атап өтті. Жағдай дипломаттардың бақылауында.

Бұған дейін Reuters агенттігі су тасқыны салдарынан хабар-ошарсыз кеткендер арасында Үндістан, Аустралия, Канада, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Қазақстан және тағы басқа елдердің азаматтары бар екенін хабарлаған болатын. 

Табиғи апат орын алған аумақта туристер неліктен көп болғанын Ресей туроператорлары қауымдастығы жылдың осы мезгілінде Непалға буддистер мен индуистерден тұратын зияратшылар көптеп келетіндігімен түсіндіреді.

Непалдың сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, елдегі кенеттен болған су тасқынына жердің опырылуы себеп болған. Ал оған сәрсенбі күні таңертең, жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 8:37-де тіркелген жер сілкінісі әсер еткен.

Қазір оқып жатыр

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қоразбаев, Ықтымбаев

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі