СІМ Ирандағы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
Иран төңірегіндегі шиеленіске байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынды.
Астана, NEGE. Министрліктегілер қауіпсіздік шарасын барынша сақтауға шақырды.
«Қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды ұсынамыз.
Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеуде», – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар СІМ Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне сапарлауды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды назарға аулды және оның ұшығуы мүмкін екенін ескертті.
Жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген Қазақстан азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылды.
Қазір оқып жатыр
«Кінәмді ішінара мойындаймын»: блогер Эльмира Төлегенова сотта көз жасына ерік берді
«146 млрд теңге кем түсті»: теңгенің нығаюы бюджетке кері әсер еткен
«Өзін полицей ретінде көрсетеді»: алаяқтар жұртты ЖИ көмегімен алдауға кіріскен
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтиханын шексіз тапсыруға мүмкіндік берілмек