USD
USD
USD

СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында бірқатар кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Ең аз дамыған елдер, теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттер мәселелері бойынша БҰҰ-ның Жоғары өкілі Рабаб Фатимамен кездесу өткізді.

СІМ
Фото: СІМ

Алматы, NEGE. Сұхбат барысында ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер (ТШЖДЕ), оның ішінде өз тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның тұрақты қолдауын атап өтті. Осы тұрғыда 2003 жылы Алматы қаласында БҰҰ-ның ТШЖДЕ мәселелері жөніндегі бірінші конференциясын өткізу аталып өтті, онда ТШЖДЕ ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған алғашқы онжылдық Алматы іс-қимыл бағдарламасы қабылданды.

Өз кезегінде Р. Фатима 2024 жылдың желтоқсан айында Габорон қаласында (Ботсвана) өтетін БҰҰ-ның ТШЖДЕ бойынша алдағы Үшінші конференциясын өткізуге Қазақстанның қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында Қазақстан СІМ басшысы Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленковичпен және Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен екіжақты кездесулер өткізді.

Тараптар Қазақстанның аталған елдермен өзара іс-қимылын дамыту перспективаларын талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібіне қатысты пікір алмасты. Өзара қызығушылық тудыратын салаларда ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұған қоса Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.