USD
USD
USD

СІМ АҚШ-та ұсталған қазақ жігітіне қатысты мән-жайды анықтап жатыр

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың көші-қон қызметі террозимге күдікті тұлға ретінде ұстаған Еламан Балтагерейге қатысты пікір білдірді.

Еламан Балтагерей
Фото: ICE

Астана, NEGE. Ведомство өкілдері Еламан Балтагерейдің жағдайынан хабардар екенін жеткізді.

«Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қосымша ақпарат ресми деректер түскеннен кейін берілетін болады», – делінген СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 5 маусымда Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің ұсталғанын хабарлады. ICE хабарламасына қарағанда, ол терроризмге қатысы болуы мүмкін тұлға ретінде ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша қамауда отыр.

Сондай-ақ былтыр жазда иммиграциялық судья Еламан Балтагерейді елден шығару туралы шешім шығарғаны, алайда оның сот отырысына қатыспағаны мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша