USD
USD
USD

СІМ АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталғаны жөніндегі ақпаратты растады

Бұған дейін әлеуметтік желілерде АҚШ-та Қазақстан азаматы, үш баланың анасы ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

СІМ
Фото: СІМ

Астана, NEGE. Желі қолданушыларының бірі құрбысын 12 қыркүйекте ICE қызметі ұстап әкеткенін жазып, оны босату үшін заңгерлік қызмет ақысы мен кепіл сомасын жинап беруге көмек сұраған болатын.

«Мүмкіндігі бар жандардан қолдау көрсетуді сұраймыз. Кез келген сома көмек болады», – деп жазды ол.

Мән-жайды анықтау үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдаған едік.

«Бірқатар БАҚ-тың сұрауына қатысты келесіні хабарлаймыз. Қазақстан азаматшасын АҚШ-та заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты Флорида штатының аумағында АҚШ иммиграция қызметінің қызметкерлері ұстап алған», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі NEGE-ге.

СІМ мәліметінше, қазақстандық дипломаттар қажетті консулдық көмек көрсету мақсатында АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматшаның отбасымен байланыс орнатқан.

 

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекете сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ