USD
USD
USD

«Славян базары»: Қазақстандық әнші көш бастап тұр

Витебскіде өтіп жатқан "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде ел намысын диапазоны бес октаваға жететін қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова қорғайды.

«Славян базары»: Қазақстандық әнші көш бастап тұр
Фото: NEGE.kz

Бірінші байқау күнінен кейін әнші 70-тен 69 ұпай жинады. Қазылар алқасының барлық мүшесі қазақстандық өнерпазға 10 ұпайдан берді, тек Ресей өкілі Сергей Пенкин 9 ұпай қойды. Айта кетейік, биыл қазылар алқасының мүшелері арасында танымал орындаушы Димаш Құдайберген бар, ол 2015 жылы "Славян базарының" бас жүлдесін жеңіп алған.

18 шілдеде конкурстың екінші күні өтеді, осыдан кейін жеңімпаз белгілі болады. 

22 жастағы Рухия Байдүкенова Талдықорғанда дүниеге келген, вокалмен бала кезінен айналысады. Оның таланты мектепте байқалып, кейін өнер мектебіне оқуға жіберілген. Қазір бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің "Эстрадалық вокал" мамандығында үшінші курста оқиды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.