USD
USD
USD

Слаломда ескек есуден Анастасия Ананьева «күміс» алды

Азия ойындарында тағы бір спортшы күміс алды. 

Слаломда ескек есуден Анастасия Ананьева «күміс» алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында слаломда ескек есуден қазақстандық Анастасия Ананьева күміс медаль алды. 

Қазақстандық спортшының көрсеткіші - 119.29 (117.29 таза уақыт бойынша + 2 айып секундтары). Нәтижесінде екінші орынға қол жеткізді.

Жарыста бірінші орынды қытайлық Цзюань Хуан (107.71) иеленсе, «қола» жапониялық Харуки Окадзакиге (119.59). бұйырды.

19-жастағы Анастасия Ананьева 2022 жылы Таиландтың Паттайя қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.

Айта кетсек, слаломда ескек есуден ел құрамасы қоржынына екі қола медаль түскен еді.

Медальдар кестесінде ел құрамасы қазірге дейін 69 медаль еншілеп үлгерді. Олардың 9-ы алтын, 19-ы күміс және 41-і қола.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors