USD
USD
USD

«Скотчпен байлап қойған»: Шемонаихада зейнеткерді тонап кеткен күдіктілер анықталды

Шемонаихада зейнеткердің аяғын скотчпен байлап, дене жарақаттарын салып, тонап кеткен күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Скотчпен байлап қойған»: Шемонаихада зейнеткерді тонап кеткен күдіктілер анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері ауыр қылмыстың бетін ашты. Полиция бөліміне қаланың 73 жастағы зейнеткер тұрғыны екі белгісіз адам оның үйіне кіріп, аяғын скотчпен байлап, оған дене жарақаттарын келтіріп 70 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлағаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен. Тәртіп сақшылары "ізін суытпай" күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 63 және 42 туған жергілікті тұрғындар болып шықты, екеуі де бұрын ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қаскүнемдер кінәсін мойындап, қылмыс алдын ала сөз байласу арқылы жасалғанын айтты. Сондай-ақ жәбірленуші егде жаста болғандықтан оларға қарсы тұра алмайтынына сенімді болған, сөйтіп бағалы тұрмыстық техниканы үйден шығару үшін қылмыс орнына қайта оралуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс