Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

СҚО-ның бас санитарлық дәрігері өз еркімен қызметінен кетті

Солтүстік Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері ауысты.

СҚО-ның бас санитарлық дәрігері өз еркімен қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі Серікбай Қасмақасовтың жұмыстан өз еркімен кеткенін айтты.

Бүгіндері орнына Арман Кушбасов тағайындалды. Бұған дейін ол Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің медициналық көмек сапасына қатысты қауіп-қатерді бағалау бөлімін басқарған.

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирусқа шалдығушылары деңгейі бойынша "қызыл аймаққа" енген. 20 қарашадағы жағдай бойынша облыста КВИ-дің 5 345 дерегі анықталды, оның ішінде соңғы бір күнде 85 жағдай тіркелді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар аймақтарында коронавирустың жаңа деректерін жасыру фактісі барын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай фактілер Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа облыстарға қатысты тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облысы статистикасында сәйкессіздіктер бар деп танылды, сондықтан қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Жапаров Ташиевті президенттікке ұсынуды жоспарлағанын айтты

С.Жапаров пен Қ.Тәшиев

Ұлытау облысында заңсыз өндірілген марганец кені шетелге 1 млрд теңгеге сатылған

марганец кені

Қостанай облысында тексеруден кейін «Светофор» лагері жабылды

Светафор

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы