Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

СҚО-да жүзден астам мектеп жөнделіп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық қызу. Өңірде 100-ден астам мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

СҚО-да жүзден астам мектеп жөнделіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл 1 қыркүйекте, сәтін салса, ауылды жерлердегі 287 мектеп қалыпты режимде жұмыс істемек. Бұл Баян ауылындағы орта мектеп. Аталған білім ошағы 1981 жылы пайдалануға берілген екен. Содан бері талай уақыт қырлап-сырлаудың арқасында тұрған. Биыл жол картасы аясында мұнда 58 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, ғимараттың шатыры мен терезелері жаңасына алмастырылып жатыр. Мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 

Жергілікті кәсіпкерлердің бірі білім ұясына 2 миллион теңгеге жуық қаржылай қолдау көрсеткен. Оған спорт залдың едені ауыстырылды. Барлық қабаттарға линолеум төселді. Мұнымен қоса көше жарығы орнатылды. Және де кіреберістегі холға, яғни 90 шаршы метр аумаққа плитка алынды. 

Өңірде қазір 478 мектеп бар. Эпиджағдайға байланысты оның жартысы қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG