Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

СҚО-да жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында екі адам көз жұмған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

СҚО-да жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 тамыз күні сағат 15:20-да Қызылжар ауданы Пеньково ауылының маңындағы “Челябі – Новосібір” жолында “Toyota Camry” көлігін басқарған Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағв тұрғыны қарсы бағытқа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны басқарған “КамАЗ” автокөлігімен бетпе-бет соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Toyota Camry” автокөлігінің жүргізушісі және 1957 жылғы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. “КамАЗ” жүргізушісі зардап шеккен жоқ. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша енгізілді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде. Биылғы жылдың жеті айында СҚО-да 98 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 13 адам қайтыс болып, 129-ы жарақат алды. Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларды Жол қозғалысы қағидаларын қатаң ұстану қажеттігі туралы ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат