Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

СҚО-да жоғалған сегіз жасар қыздың денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 8 жасар қыздың денесі 5 күннен кейін Есіл өзенінен табылды.

СҚО-да жоғалған сегіз жасар қыздың денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең сағат 7-ден 35 минут кеткенде Есіл ауданы Покровка елді мекенінен 7 шақырым жерде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 8 жасар қыздың денесін Есіл өзенінен алып шықты. 2012 жылы туған қыз 8 маусым күні Покровка ауылында жоғалып кеткен еді.

Қыздың мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жалпы жыл басынан СҚО-да 7 адам суға кетті, оның үшеуі – бала. СҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: арнайы жарақтандырылған орындарда ғана суға шомылуға болады, жалғыз және қараңғыда суға шомылуға бармаңыз, балаларды жалғыз өздерін өзен-көлдерге жібермеңіз.

Бұл ескерту алдағы күндері аса маңызды, өйткені СҚО-да 13-15 маусым аралығында қатты ыстық болмақ, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА