USD
USD
USD

СҚО-да жоғалған балықшының денесі табылды

11 қаңтар сағат 16.00 шамасында СҚО Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылынан 5 шақырымдай жерде орналасқан орман алқабының жанынан ТЖ және полиция қызметкерлерінің іздеу тобы Новоишимское ауылының 31 жастағы тұрғынының қармен жабылған денесін тапты, деп хабарлайды Полициа.

СҚО-да жоғалған балықшының денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол 9 қаңтардан бері із-түссіз жоғалды. Оны іздеу туралы арызбен ер адамның анасы жүгінді. Екі танысымен бірге балық аулауға шыққан ауыл тұрғыны қайтып оралмаған.

Қаңтардың 7-нен 8-не қараған түні Новоишимское ауылынан келген үш балықшы Ступинка ауылының жанындағы көлде болғаны анықталды. Сағат 23.00 шамасында спирттік ішімдіктерді бірге отырып ішкеннен кейін, олардың бірі Сергеевка қаласындағы туысына жаяу баратынын айтқан. Жанындағы таныстары қарлы боранда түнде жаяу жүрмеуге шақырған. Алайда, олардың сөздеріне көнбей, кетіп қалған.

Іздеу жұмыстарына аудандық полицияның жеке құрамы, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Жоғалғанның денесінен ешқандай қылмыстық бегілер байқалмады. Оның өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша анықталатын болады. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде адамның жоғалу фактісі бойынша тіркелді. Процессуалдық тексеру жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия