USD
USD
USD

СҚО-да ВИЧ-пен ауыратын 12 бала есепте тұр

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 116 адамға жаңадан ВИЧ диагнозы қойылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 сырқатқа көп, деп хабарлайды Kazinform.

СҚО-да ВИЧ-пен ауыратын 12 бала есепте тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Айман Сыздықованың айтуынша, биыл адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандардың екеуі – шетел азаматы, қалғандары ел тұрғындары. Қазіргі уақытта осы вирусты жұқтырған 1 468 адам орталықта есепте тұр.

«Ауырғандардың орта жасына келетін болсақ, негізінен 40-49 жас аралығындағылар. Қауіпті вирусты ер адамдар көбіне жұқтырады. Есепте тұрғандардың 64%-ы - ерлер. ВИЧ жұқтырған балалар да бар, 14 жасқа дейінгі 12 балаға осы диагноз қойылған. Айта кететін жайт, соңғы екі жылда балалар арасында вирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ», - дейді Айман Сыздықова. 

Маманның айтуынша, ВИЧ-тен емделмеген жағдайда ол жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромына, яғни, аурудың соңғы сатысына ұласуы мүмкін. Биыл өңірде СПИД-тен екі адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 адамға аз. 

«ВИЧ-ті СҚО-ның медициналық ұйымдарында жұқтыру фактілері тіркелген жоқ.
Диспансерлік есепте тұрғандар антиретровирусты терапияны өмірінің соңына дейін күнделікті алады. Бұл ем адам бойындағы вирусты азайтады.

Қазіргі уақытта антиретровирусты терапияның жаңа түрлері пайда болып жатыр. Олардың жанама әсері минималды, нәтижесі жоғары», - дейді орталық директоры. 

Қазір оқып жатыр

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park

Майқайынсыз «Алтыналмас». Владимир Ким НЕГЕ өзінің сүйікті схемасын қайталады?

Алтын