USD
USD
USD

СҚО-да төрт жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның сүйегі табылды

СҚО-да 2019 жылы тамыз айында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның сүйегі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да төрт жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның сүйегі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 3 шілде Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында Налобино ауылының маңындағы орманда жидек жинап жүрген жергілікті тұрғындар адам қаңқасына тап болды. Бірден сараптамалар тағайындалды.

Сараптама нәтижесіне сәйкес, орманда табылған адам сүйектері Налобино ауылының 1960 жылы туған тұрғыны болып шықты. Ол 2019 жылғы 31 тамызда белгісіз бағытта шығып кетіп, оралмаған. Полицейлер, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздеу шараларын жүргізді, бірақ еш нәтиже болмады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс