USD
USD
USD

СҚО-да сұйылтылған газдың литрі 70 теңгеден саудаланады

Солтүстік Қазақстан облысында сұйылтылған газдың 1 литрінің бөлшек саудадағы шекті бағасы – 70 теңге. Бұл жайында СҚО тұрғындарымен кездесуде энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды 24.

СҚО-да сұйылтылған газдың литрі 70 теңгеден саудаланады
Фото: NEGE.kz

kz.

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысында 18-ге жуық газ желісі ұйымы мен автомобильге газ құятын 108 станса бар. Болат Ақшолақовтың айтуынша, қаңтарда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеуді белгілеп, бекіткен. Соған сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында сұйылтылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасының 1 литрі 70 теңге. Облыста сұйылтылған мұнай газын тұтыну 2021 жылы 57,6 мың тоннаны құрады. Биылғы қаңтар-наурыз айларында тұрғындар шамамен 17,7 мың тонна тұтынған.

«Энергетика министрлігі ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, оның өсуіне жол бермес үшін сұйытылған мұнай газ нарығын реформалау шараларын қабылдап жатыр», – деп атап өтті министр. Шаралардың бірі ретінде өндірушілер белгілеген бөлшек сауда бағасын негізге ала отырып, сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын айқындау әдістемесі әзірленеді. Бұл түсімді зауыттар мен сатушылар арасында әділ бөлуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры