USD
USD
USD

СҚО-да психдиспансерден 4 күн бұрын қашып кеткен науқас табылмай жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында 29 жастағы жігіт Тайынша қаласында орналасқан психикалық денсаулық орталығынан кетіп қалған. Сырқат төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО-да психдиспансерден 4 күн бұрын қашып кеткен науқас табылмай жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Волонтерлер әлеуметтік желіде 29 жастағы Руслан Васильевич Щедневке іздеу жариялады. Ол 21 сәуір күні сағат 10.00 шамасында Тайынша қаласындағы психикалық денсаулық орталығынан шығып кеткен. Жігітке «психикалық бұзылу» диагнозы қойылған. Бойы 180-182 см шамасында. Арықша келген, қысқа қара шашты.

Үстінде капюшоны бар көк күртеше, қара трико, бәтеңке және қара түсті бас киім болған.

Сондай-ақ өңірде Қызылжар ауданы Чапаев елді мекенінің тұрғыны Нариман Нұрсейітовке де іздеу жарияланды. 49 жастағы ер адам 26 наурыз күні үйінен шығып, облыс орталығына бет түзеген. Содан бері хабар жоқ.

Бойы 160-165 см шамасында, дене бітімі орташа келген, шашы қысқа, селдір, қара түсті.

Сол күні үстінде қара күртеше, қара-көк түсті джинс шалбар және қара бас киім болған.

Жоғалған адамдар жайында қандай да бір мәлімет болса 8 926 62664 338 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай