USD
USD
USD

СҚО-да өзен жағасында суретке түспек болған екі бойжеткен суға кетті

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің жағасында суретке түспек болған екі бойжеткен суға кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

СҚО-да өзен жағасында суретке түспек болған екі бойжеткен суға кетті
Фото: NEGE.kz

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 23 мамыр күні сағат 18:16 шамасында болған. «Сосновый бор» демалыс орнының маңында 1994 жылы және 2001 жылы туған екі адам суға батып кетті. 27 жастағы бойжеткен М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде мұғалім болып еңбек етсе, 20 жастағы екінші қыз сол оқу орнының 4-курсында оқыған екен. Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, екі қыз Есіл өзенінің жағасында суға түспек болған. Алайда аяқтары тайып кетіп, суға құлаған. Қатты ағын оларды құтқаруға мүмкіндік бермеді. Денелері судан шығарылып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева