USD
USD
USD

СҚО-да мектептің шатыры құлады

 Солтүстік Қазақстан облысында тағы да төтенше жағдай. Бұл жолы Тоқшын мектеп-гимназиясының шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

СҚО-да мектептің шатыры құлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Білім ордасына жапсарлата орналасқан акт залының төбесі құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына бірден уәкілетті органдардың басшылары жетті. Сондай-ақ мән-жайды анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін арнайы комиссия құрылды. Айта кету қажет, бұл білім ошағы 1955 жылы пайдалануға берілген.

Әсел Оразбаева, СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы:

– Алдын ала жасалған болжам бойынша оқиға іргетастың шолуымен шатырдан сулардың ағуы себеп болды. Мектепте қазір 293 оқушы оқиды. Мәселені шешкенге дейін олар қашықтықтан сабақ оқитын болады. Биылғы жылы әкімдік мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша қаражат бөлді.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер