Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

СҚО-да қуаңшылық болуда

Солтүстік Қазақстан облысында биыл қуаңшылық салдарынан жемазық жетіспеушілігі мәселесі туындауы мүмкін.

СҚО-да қуаңшылық болуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жері құнарлы, шөбі шүйгін келетін СҚО биыл қуаңшылықтың зардабын тартуы ықтимал. Көктемде жайқалып шыққан көк шөп жауын-шашынның аздығынан күйіп кетті. Шабындыққа шалғы салған ауыл тұрғындарының айтуынша, ағаштардың баурайында ғана азын-аулақ шөп бар.

«Облыста кей шаруашылықтар мен тұрғындар шөп шабуды бастап кетті. Бүгінге дейін 14,5 мың тонна шөп жиналды. Бұл барлық қажеттіліктің 1,9 %- ы. Жалпы өңір 750 мың тонна шөп жинауды жоспарлаған», – дейді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы агрономия бөлімінің басшысы Бақтияр Тоқжігітов.

Мамандардың айтуынша, өңірде жаппай шөп шабу шілде айының ортасында басталады.

«Биылғы ауа райына байланысты жем-шөп жетіспеушілігі мәселесін шешуде барлық тиісті шараларды қолға алуымыз қажет. Соның бірі - күзгі орақ кезінде сабанды ұсақтамай, оны жемазыққа пайдалану», - дейді Бақтияр Тоқжігітов.

Бұл мәселені өңір басшысы Құмар Ақсақалов та назарда ұстап отыр.

«Биыл жауын-шашын аз. Ылғалдың жетіспеушілігінен шөп шыққан жоқ. Десек те малдарға жемазықты артығымен болмаса да, қажетінше жинап аламыз. Шаруашылықтарды да ескертіп жатырмыз, биыл сабанды да пайдалануға тура келеді», - деді БАҚ өкілдерімен кездесу барысында облыс әкімі.

Былтыр өңір шөпті артығымен жинап алды. 750 тонна қажет болса, жоспар 100,2 %-ға орындалды. Бұған қосымша қысқа 195,6 тонна сүрлем, 1319,2 мың тонна сабан және 207,7 мың тонна пішен әзірледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев