USD
USD
USD

СҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен екінші сынып оқушысы табылды

СҚО полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен екінші сынып оқушысын іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен екінші сынып оқушысы табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 16 қазан күні полицияға Петропавл қаласының 68 жастағы тұрғыны жүгініп, сағат 14:00 шамасында 14 жастағы немересі серуендеуге шығып кетіп, қайтып оралмағанын хабарлаған. Атасының сөзінше, бала үстінде көк күртеше, аяғында қара-ақ түсті кроссовки, қолында өзі мініп жүрген қара түсті самокат болған. 7 жастағы екінші сынып оқушысын іздеуге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды.

Ювеналды полиция, жедел уәкілдер, еріктілер, ұстаздар сыныптастарының ата-аналары мен бей-жай қарамайтын адамдар сияқты мамандардың барлығы іздеуге қатысты. Іздестірудің нәтижесінде 23:07 шамасында Темір жол вокзалының Сәтпаев көшесі бойында жоғалған баланы криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Айбек Байқадамов тапты. Баланың жағдайы жақсы екені анықталды. Баланың телефоны болмай, көшеде ойнап жүріп, уақытқа қарауды ұмытып кеткен көрінеді.

Полиция қызметкерлері оны туыстарына аман-есен тапсырды. Полиция департаменті іздестіруге қатысқан еріктілерге, педагогтарға, ата-аналарға, сондай-ақ әлеуметтік желілердің арналарында бағдарды жедел орналастырған жергілікті жұртшылықтың әкімшілеріне алғысын білдіреді.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала