USD
USD
USD

СҚО-да екі жылда 14 мектеп жабылып қалды

  Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда 14 мектептің жабылуын жауапты мамандар білім ұяларындағы оқушы санының аздығымен байланыстырып отыр. 

СҚО-да екі жылда 14 мектеп жабылып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кету қажет бұл білім ошақтарының барлығы ауылды жерлерде орналасқан. Олардың кейбірінде бала саны тіпті үшке де жетпей қалған. Сондықтан білім басқармасындағы мамандардың шешімімен олардың есіктеріне құлып ілінді. Жалпы қазіргі таңда өңірде 465 мектеп жұмыс істеп тұр. Ал оның 75%-і шағын комплектілі. Сондай-ақ 306 ауылдан 2700-ден астам оқушы көрші елді мекендерге қатынап оқуға мәжбүр. Өңірде екі жаңа білім ошағының құрылысы жүріп жатыр.

Нәзір Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Бұл мектептерде балалардың саны нормативке сәйкес келмеді. Сол себептен осы мектептер жабылып қалды. Жабылған мектептерде бүкіл балаларды тасымалдау ұйымдастырылды. Интернатта тұратын балаларды бес рет тамақтандырамыз. Былтыр 7 мектеп жабылды. Содан кейін 7 мектеп реорганизаия болып кетті ғой. Биыл реорганизация жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.