USD
USD
USD

СҚО-да дәрігерлер өкпесінің 90% зақымданған әйелді аман-есен босандырып алды

Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер өкпесі қабынып, ауыр халде түскен жүкті әйелді аман-есен босандырып алды.

СҚО-да дәрігерлер өкпесінің 90% зақымданған әйелді аман-есен босандырып алды
Фото: NEGE.kz

СҚО көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Юрий Белоног осы оңды оқиға жайында әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен бөлісті.

 Алматы, NEGE. Оның пікірінше, бұл – реаниматологтар мен акушер-гинекологтардың үлкен жеңісі. «Сырқат бізге 1 қалалық ауруханадан түсті. Коронавирустың салдарынан екі өкпесі де қабынған әйелді операция арқылы босандырып алу керек болды. Кесарь тілігі жасалып, операция нәтижесінде аман-есен босанды. Алайда сырқаттың жағдайы көпке дейін аса ауыр болды. Ол 23 тәулік бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Компьютерлік томография оның өкпесінің 90% зақымданғанын көрсетті. Қазір жағдайы жақсарып келеді. Үйіне шығуға, жаңа туған сәбиімен, туған-туыстарымен кездесуге дайындалып жатыр», - деп жазды Юрий Белоног. СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны ұл босанды. Сәбиден қауіпті вирус анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру