USD
USD
USD

СҚО-да бейтаныс әйел дуадан арылтатынын айтып, зейнеткердің ақшасын қолды қылған

Бұл туралы

СҚО-да бейтаныс әйел дуадан арылтатынын айтып, зейнеткердің ақшасын қолды қылған
Фото: NEGE.kz

Polisia.kz жазды. Абырой болғанда жергілікті полицейлер  бейтаныс әйелдің арбауына түсіп қалған зейнеткерге ақшасын қайтарып берген.

Алматы, NEGE. Оқиға Келлеровка ауылында болған. Елдімекеннің 80 жастағы тұрғыны ақпан айының басында алаяққа алданып қалғанын айтқан. Зейнеткердің сөзінше, бейтаныс әйел оның үйіне кіріп, әңгімелесе бастағаннан кейін жасына байланысты туындаған ауруларды "дуалаудың" нәтижесінде пайда болғанына сендірген.

 Ол зейнеткердің жиған-терген ақшасын да "тазарту" керектігін айтқан. Алданып қалатынын сезбеген кейуана барлық ақшасын шамамен 270 мың теңгені алып шыққан. Кейін ол ақшасын қайта санап, азайып қалғанын білген. Зейнеткер дереу полицияға жүгінген. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдікті әйелдің зейнеткерге алдын-ала дайындалған сувенирлік қағаз ақшаларды бергенін анықтаған.

 "Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру кезінде жедел уәкілдер қара түсті Skoda Octavia автокөлігін байқап қалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотталған Қостанай қаласының 50 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта іс материалдары Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа жіберілді. Азаматтарға жалғызбасты қарт туыстарына алаяқтық қаупін түсіндіруді сұраймыз", – дейді аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana