USD
USD
USD

СҚО-да барлық жол жабылды

Солтүстік Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты барлық жолдар жабылды.

СҚО-да барлық жол жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстікте шыңылтыр аяз күшіне мініп тұр. Осыған байланысты 2 қаңтар сағат 17:00 бастап барлық бағыттағы жолдар жабылады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті аймақ тұрғындарына ескерту жасады:

- тіршілігіңізді сыртқа шықпай, ғимараттың ішінде жасайтындай етіп ыңғайлаңыз;

- балаларды ерекше бақылауға алыңыз;

- елді мекеннен шығу және кіруді шектеңіз;

- осы маңызды ақпаратты көршілеріңізге жеткізіңіз, қарттар мен сырқаттарға көмек көрсетіңіз.

Естеріңізге сала кетейік, 112 құтқару қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Өміріңізге қауіп төнсе немесе төтенше жағдай болса, дереу осы қызметке қоңырау шалып, көмек шақыру қажет.

Қазір оқып жатыр

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт

Тоқаев 25-26 қарашада Мәскеуде Путинмен кездеседі

Тоқаев, Путин

Таразда белгісіз жауынгерлерге қойылған ескерткішті бүлдірді деген күдікпен 7-сынып оқушылары ұсталды

Күдіктілер