USD
USD
USD

СҚО-да ауыл әкімдігінің ғимараты өртенді

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресеновка ауылдық округінің ғимараты толық жанып кетті. Өрт пештен шығуы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform.

СҚО-да ауыл әкімдігінің ғимараты өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО төтенше жағдайлар департаменті батығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, оқиға бүгін түнде болған. 

«Өрт пеш жағатын бөлмеден шығуы мүмкін. Жалын кейін әкімдік ғимаратына жайылған. Бұл үй 1961 жылы ағаштан салынған. Сондықтан бірден лап еткен. Ғимарат толық жанып кетті. Өрт сөндірушілер құжаттар мен компьютерлерді өрт сөндіру барысында сыртқа шығарып үлгерді. Өрт толық сөндірілді, тергеу жүріп жатыр, сондай-ақ келтірілген шығын мөлшері де анықталады», — дейді Дмитрий Растихин.

Маманның айтуынша, пеш жағу кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған.

СҚО-да бір аптадан бері қатты аяз тұр. Мәселен кеше, сынап бағанасы - 38 градус аязды  көрсетсе, бүгін - 34 градус.

Тұрғындар үйдегі жылуды сақтау үшін күні-түні пеш жағуға мәжбүр.

Аяз тек ертеңнен бастап қана сына бастайды. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар