USD
USD
USD

СҚО-да «Ата жолы» оккульттік-мистикалық діни ағымының емшісі анықталды

СҚО полицейлері оккульттік “емшіні” анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да «Ата жолы» оккульттік-мистикалық діни ағымының емшісі анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына Петропавл тұрғыны дәстүрлі емес “емдеумен” айналысып жатқандығы, сондай-ақ діни насихат жүргізетіні туралы ақпарат келіп түсті. Тексеру кезінде ақпарат расталды.

Тәртіп сақшылары 44 жастағы қала тұрғыны “Ата жолы” оккульттік-мистикалық діни ағымының ізбасары екендігін анықтады. Ол тұрғылықты жерінде емшілікпен айналысқан. Әйел адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметін қаржыландыру) бойынша материал жиналды.

– Заңның бұл нормалары адамдарды деструктивті идеологияның ықпалынан қорғау үшін қабылданған. Дәстүрлі емес діни практикаларға сенім арту, тіркелмеген немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу психика үшін орны толмас зардаптарға, отбасы мен мансаптың бұзылуына әкелуі мүмкін. Біз адамдардан тек ресми діни дереккөздерге сенуді сұраймыз, — деп атап өтті СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы. 

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті