USD
USD
USD

СҚО-да астық қоймалары өртенді

Солтүстік Қазақстан облысындағы қоймаларда алапат өрт болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

СҚО-да астық қоймалары өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 маусым сағат 05:36 уақытында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Кондаратовка ауданында "Нұр Астық LTD" ЖШС аумағында жалпы көлемі 1100 шаршы метрді құрайтын 4 қойма отқа оранды, - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Өрт сағат 7.29-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы, 46 адамнан тұратын ерікті өрт сөндіру топтары мен 12 техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова