USD
USD
USD

СҚО-да аңшылар абайсызда жидек теріп жүрген әйелді атып тастады

Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүрген әйел оққа ұшты. 52 жастағы тұрғынды аң аулауға шыққан азамат байқамай атып тастаған.

СҚО-да аңшылар абайсызда жидек теріп жүрген әйелді атып тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқ тиіп өлген әйелдің денесі жеткізілгенін полицияға Жамбыл аудандық ауруханасының дәрігерлері хабарлаған. Оның қандай жағдайда мерт болғанын басты күдіктінің өзі айтып беріпті. 65 жастағы азамат сол күні орманға аң аулауға шыққан. Ағаштардың арасында жидек теріп жүрген әйелді елік деп ойлап қалған көрінеді. Сондықтан көздеп тұрып, шүріппені баса салған. Бірақ қанжығасын майлаймын деген аңшы қылмыс жасағанын кеш түсініпті. Жүгіріп барғанда жаралы әйелді көрген. Бірден полицияға хабарлапты. Бірақ марқұм ауруханаға жетпей көз жұмды. Ал күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр. 

"Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған. Сонымен қатар жедел іздестіру шаралары атқарылуда. Соның барлығының нәтижесімен күдіктінің іс әрекетіне баға беріледі. Қалған қылмыстық іс бойынша басқа да толық ақпарат Қылмыстық процессуалдық Кодекстің 201-бабының тәртіптеріне сай жариялануға жатпайды", – дейді Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу