USD
USD
USD

СҚО-да 8-сынып оқушысының денесі табылды

19 мамыр СҚО Жамбыл ауданының Полиция бөлімшесіне Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жасар жиені таңертең үйден белгісіз бағытта кетіп қалғаны және оның қай жерде белгісіз екендігі туралы телефон арқылы хабарлама түсті.

СҚО-да 8-сынып оқушысының денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ПБ қызметкерлерімен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, педагогтардан және жергілікті тұрғындардан құралған іздеу топтары ұйымдастырылды. Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокөлікпен және атпен жүргізілді.

20 мамыр күні таңертең жоғалған 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан су шұңқырдан табылды.

Аталған факт ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Әр адамға кемінде 15 шаршы метр: Алматыда тіркеу бойынша жаңа шектеу енгізілді

тұрғын үйге тіркеу

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті

Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Әбдіров, Смайылов, Әзімова

Үндістанда қамауға алынған танкерде қазақстандық теңізші де бар болып шықты

Танкер