USD
USD
USD

СҚО-да 50 жылқы мұзға батып өлген

2 желтоқсан күні СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылындағы табында 50 жылқының жетіспеушілігі анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

СҚО-да 50 жылқы мұзға батып өлген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жылқылар СҚО Айыртау ауданы Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Жануарлар 27 қарашада еркін жайылымнан жоғалып кеткен.

Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Кейін мұз жарылып, суға батып кеткен.

Аталған факті бойынша Айыртау ауданының полиция бөліміне арыздар келіп түспеді. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде, өлген жануарлардың нақты саны анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда алтын өндіру көлемі 11%-ға азайды

алтын өндірісі

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы