USD
USD
USD

СҚО: Вирустан 40 адам қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында амбулаторлық ем алып жатқан сырқаттардың саны 2,5 есеге азайды. Ақпан айының басында науқастардың саны 4 мыңға жетіп қалса, қазір 1,5 мың адам емделіп жатыр.

СҚО: Вирустан 40 адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Аймановтың айтуынша, сырқаттанғандар саны соңғы екі аптадан бері азайып келеді. 8 ақпан күні инфекциялық стационарларда 450 науқас болса, бүгін 257 адам ем алып жатыр. Ауруханалар 17 %-ға жүктелген. Бір тәулікте 19-30 адам қабылданады.

«Денсаулық сақтау басқармасы амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелердің жұмысына күнделікті мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта 1514 адам амбулаторлық ем алып жатыр, бұл ақпан айының басындағы көрсеткіштен 2,5 есе аз. «КВИ бойынша штаб» жұмысы жалғасқан, ол жұмысты үйлестіріп, қадағалайды, басқармаға шешім қабылдау үшін коронавирус бойынша жедел ақпарат әзірлейді», - дейді Нұрлан Айманов.

Өткен тәулікте СҚО-да КВИ жұқтырудың 62 жаңа жағдайы тіркелді. 21 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр. Бір адам көз жұмып, қайтыс болғандар саны 479 адамға жетті. Мамандардың айтуынша, биыл қаңтар-ақпан айында 40 адам коронавирус жұқтырып, өмірден өткен, ал желтоқсан айында 65 адам дүние салған еді.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік