USD
USD
USD

СҚО: Вирус әлі өршіп тұр

 Солтүстік Қазақстан облысында инфекциялық стационарлардағы сырқаттар саны артып келеді. Коронавирус жұқтыру да жоғары деңгейде қалған, өткен тәулікте вирус 382 адамнан анықталды.
СҚО: Вирус әлі өршіп тұр
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар айында 4 705 адамнан коронавирус анықталған. Бұл - желтоқсан айымен салыстырғанда екі есеге көп. Өңірде аурушаңдық 15 қаңтардан бастап күрт артты. Осы аралықта 4691 адам қауіпті инфекцияны жұқтырды.

Өңірдің инфекциялық стационарларында қазір 449 адам ем алып жатыр, сырқаттар саны артып, жұқпалы ауруханалар 32 %-ға жүктелген. Жансақтау бөлімшесінде 22 науқас бар. Індет басталғалы 466 адам ауырып қайтыс болды.

Жалпы СҚО-да 39 900 адам коронавирус жұқтырды, олардың 35 855-і тәуір болып шықты.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым