USD
USD
USD

СҚО тұрғындары қырылған құстары үшін өтемақыларын ала алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар қырылған құстары үшін өтемақыларын толық көлемде ала алмай отыр, хабарлайды «Хабар 24».

СҚО тұрғындары қырылған құстары үшін өтемақыларын ала алмай жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінгі күні Якорь ауылының тұрғындарына республикалық індетке қарсы отрядтың мамандары жойған құстар үшін ғана қаражат төленген. Қалған қаржы қашан аударылады?

Якорь ауылының тұрғыны Александр Засыпкинның мыңға жуық құсы тұмаудан қырылды. Есеп бойынша оған 5 миллион теңге көлемінде өтемақы берілуі тиіс еді. Алайда оған тек 1,5 миллионы ғана аударылған. Бастапқыда не ауру екенін білмеген соң «құстарды өздерің өртей беріңдер» деді. Сәйкесінше, ол үшін жергілікті ветеринарлар акт жасады.

Құс тұмауы басталғаннан бері жеке тұрғын үйлерде 21 мыңға жуық құс жойылды. Бүгінде тек 53 азаматқа 73 миллион теңге өтемақы төленген. Жалпы құс тұмауы басталғаннан бері өңірде фабрикаларды қоса алғанда 455 мыңға жуық құс қырылды.

Қазір оқып жатыр

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

кәсіпкерлік