USD
USD
USD

СҚО полицейлері "Шырша" акциясын өткізуде

СҚО полицейлері жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақтыларды қорғауды қолға алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

СҚО полицейлері "Шырша" акциясын өткізуде
Фото: NEGE.kz

СҚО, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысында 17 желтоқсаннан бастап, қылқан жапырақтыларды заңсыз кесуге жол бермеуге бағытталған “Шырша” акциясы бастау алды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы өкілдері, сонымен қатар орман шаруашылығы қызметімен бірлесе отыра, қылқан жапырақты орманды, шырша сатудың заңдылығын тексеретін ұтқыр топтар құрды.

Акция басталғалы бері 40 рейд өткізілді. Бүгінгі таңда заңсыз кесуге жол берілген жоқ. Полицейлердің айтуынша, облыста сатылып жатқан жаңажылдық шыршалар негізінен Ресейден әкелінгендер. Оларға қатысты мәселе туындамаса да, кейбір сатушылар сатудың тәртібін бұзады. 

"Акция басталғаннан бері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204-бабы (Белгіленбеген жерде сауда жасау) бойынша үш факті анықталды. Мысалы, Петропавл қаласындағы Омбы айналма жолының маңында ГАЗель көлігіне шырша сатып жатқан қалалықтардың бірі жауапқа тартылды. Кәсіпкерлерде далада сауда жасауға әкімдіктен рұқсаты немесе жалға алу туралы келісім шарты болуы тиіс екендігін еске саламыз", – деп хабарлады СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

“Шырша” акциясы 31 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе