USD
USD
USD

СҚО: Электр қалқанын шығаратын зауыт салынады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде электр қалқанын шығаратын зауыт салынатынын мәлім етті.

СҚО: Электр қалқанын шығаратын зауыт салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осыған дейінгі баспасөз мәслихатында мен электр қалқанын шығаратын зауыт жобасы туралы айтқан едім. Қазір аталған жаңа кәсіпорын өндіріс айналымын кеңейте бастады. Биыл 4 мың трансформатор шығару жоспарланған. Кейін өндіріс қуатын жылына 13 мың данаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Жыл соңына дейін жондағы жұмысшылар саны 200-ге жетсе, кейін 350-ге дейін барады. Бұдан бөлек инвестор электр қалқанын шығаратын зауыт салмақшы. Ол үшін 7 млрд теңге инвестиция тартпақшы», - деді Құмар Ақсақалов.

Әкім «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының әлеуетіне де тоқталды. Айтуынша, биыл бұл аймақта ДСП-тақтайларын шығаратын зауыт салынбақ.

Сондай-ақ, болаттан қаңылтыр өндіру жоспарланып отыр. «Жалпы өнеркәсіп саласында ахуал жағымды. Бес жыл ішінде саладағы жалпы ішкі өнім 1,8 есе өсіп, 198 млрд теңгеден 365 млрд теңгеге артты. Ал 2022 жылы 410 млрд теңгеге жеткіземіз», - деді әкім.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты