СҚО: Екі баланы өрттен құтқарған ауыл тұрғыны марапатталды
СҚО-да Тәуелсіздік күніне орай төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты іс-шара өтіп, 26 қызметкер мемлекеттік наградамен марапатталды.
Алматы, NEGE. Жақында екі баланы өрттен құтқарған ауыл тұрғыны да ескерусіз қалмады.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өз ісін адал және жауапкершілікпен атқарған ведомствоның бірқатар қызметкері ҚР ТЖМ, СҚО ТЖД басшылығының және облыс әкімінің атынан марапатқа ие болды. Департаменттің ардагерлері де ұмыт қалмады. Салада бірнеше жыл жемісті еңбек еткен Сағынбай Увалиев «Еңбек ардагері» медалін тақты.
Салтанатты жиын барысында Аққайың ауданының тұрғыны Рустам Жұмабаевқа зор қошемет көрсетілді. Ер адам 4 қазан күні Смирнов елді мекенінде 6 және 11 жастағы екі баланы өртенген үйден көтеріп шығарып, құтқарып қалды. Рустам «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Ауыл тұрғынының төрт баласы бар, біреуі Петропавлдағы кәсіби-педагогикалық колледжде 3 курста оқиды, болашақ құтқарушы.
Сондай-ақ 26 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды. Соның ішінде департамент бастығы Рамиль Камалов та бар. Азаматтық қорғаныс органдарында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Білікті басшы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. СҚО ТЖД материалдық-техникалық қажеттілігіне үш жылда бюджеттен 400 млн теңге бөлініп, бөлімшелердің жарақтандырылуы жақсарды. Соңғы төрт жылда аудан орталықтарынан шалғайда жатқан 119 елді мекенді қамтыған 25 өрт сөндіру бекеті ашылды. Тек биыл мамандар 3 мыңнан астам апаттық-құтқару жұмыстарына шығып, 350 адамды құтқарды, төтенше жағдай аймағынан 1580 адамды эвакуациялаған, 62 адамға алғашқы медициналық көмекті көрсетті.
Қазір оқып жатыр
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді
Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады
«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды
Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды