Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

СҚО әкімінің орынбасары қоластындағы жемқор қызметкерлері үшін отставкаға кетпек

СҚО әкімінің орынбасары өз қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғаны үшін отставкаға кетеді. 

СҚО әкімінің орынбасары қоластындағы жемқор қызметкерлері үшін отставкаға кетпек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ГАСК басқармасы басшысына және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысына қатысты бірнеше рет пара алу фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық істерінің тіркелуі түрткі болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Онлайн жиында СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ернар Баянғазиннің айтуынша, 19 шілдеде Петропавл қалалық сотының үкімімен аталған адамдар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

- Сот шешімімен Батырбек Қалабаевқа алған пара мөлшерінен 35 еселенген айыппұл салынды, ол 26,6 миллион теңгені құрайды. Оның үйқамақта ұстау уақыты да жаза мерзіміне қосылды, мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына айырылды, тағайындалған соңғы айыппұл мөлшері - 25,6 млн теңге. Ал оның қоластындағы қызметкерге 21,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді Баянғазин.

Ол шенділердің өз қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, аймақта заңсыз салынған нысандарды пайдалануға беру актісіне қол қою үшін заңды тұлғалар өкілдерінен пара алу үшін жүйелі түрде қылмыстық жоспар құрғанын атап өтті.

Әкімшіліктің Сәулет және қала құрылысы саласындағы мекеме басшыларының үшінші рет ұсталуы және сотқа дейінгі тергеудің қозғалуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сыртқы талдауы үшін негіз болды.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

заңсыз алтын өндірісі

Қазақстан КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан шамамен 700 млн доллар табыстан қағылды – сарапшы

Мұнай

Щучинскіде 12 адамның өліміне әкелген жарылыс: дәмхана иесі сотта жауап берді

Сот

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова