СҚО әкімі САПАРОВ пен шошқалар драмасы: РЕЖИССЕР кім?
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданына қарасты Новоивановка ауылындағы шошқа өсіру кешенінде тереңдігі сегіз метрлік кәріз шұңқырын тазалау кезінде EMS AGRO компаниясының төрт қызметкері қаза тапты.
Қайсыбір қарапайым ауылшаруашылық өндірісінде емес, талай жылғы тарихы бар кешенде еңбек қауіпсіздігі сақталмай, ереже өрескел бұзылған. Сол себептен де қазір Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек САПАРОВ пен әкімнің бірінші орынбасары Марат ТАСМАҒАНБЕТОВТІҢ әбігерге түсуі бекер емес.
Түсініктірек болу үшін айта кетейік, EMS AGRO құрылтайшылары – «KazFoodProducts» ЖШС, «АзияАгроФуд» АҚ және «Baiterek Venture Fund» АҚ. Соңғы компания «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ арқылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің құрылымына кіреді.
Ал KazFoodProducts және «АзияАгроФуд» компаниялары Ерлан БАЙМҰРАТОВҚА тиесілі. Бүгінде оның да «ТастөбеАгроФуд» және «Көктал-Агро», сондай-ақ «Самал Финанс» несие серіктестігінде, «Bioline KZ» ЖШС және «BioOperations» ЖШС-нде үлесі бар.
KazFoodProducts өткен жылдың шілде айында өзінің бас компаниясы «KazFoodProducts»-тен «Sweet City» ЖШС сатып алған «Баян Сұлу» АҚ-ның 85,75% үлесіне ие. Сатып алу кезінде «Sweet City» ЖШС-ның баланстық құны небәрі 139 миллион теңгені құраған. Алайда, сарапшылар бағалау мүмкіндігінше әділ болады деп үміттенген еді. Бірақ шын мәнінде, ол «несиелердің ұлғаюымен қаржыландырылды».
Фото: ғаламтордан
Енді «BioOperations» және «Bioline KZ» шошқа кешенінің қызықты тарихына тоқталайықшы. 2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында ағайынды СУТЯГИНСКИЙЛЕР «Баско» компаниялар тобына кіретін «Univill» ЖШС ет комбинаты ашады. Сол кезде олардың меншігінде «Биохим» және «Силициум» зауыттары да болды. Содан кейін Сутягинскийлер кәсіпорындарын рейдерлік жолмен басып алу туралы жағымсыз оқиғаның шеті шықты. Мұнда да кімнің жеңіп, кімнің жеңілгені белгісіз күйде қалды. Айналып келгенде, бұған қатысы бар адамдар қылмыстық іске тартылса да, кәсіпорын жұмысы біртіндеп құлдырай бастады.
2013 жылы «Виктория 2003» ЖШС (рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталған Сутягинскийдің серіктесіне тиесілі) қарызы есебінен «Univill» ЖШС-нен кадастрлық құны 2 миллион теңгеден аз ғана жер телімін тартып алған. Сол кезде банкроттық жөніндегі менеджер мәмілені заңсыз деп санаған. Себебі, келіссөзде осы аумақта орналасқан құны шамамен 5,4 млрд теңге болатын ет комбинаты есепке алынбаған. Осы құйтырқылықтың нәтижесінде «Univill» ЖШС-нің кредиторлары, оның ішінде банктер де түксіз қалғаны белгілі болды. Негізгі құнды актив «Виктория 2003» ЖШС-не өтіп, кейін ол мұны қазіргі иесі «EMC Agro» ЖШС-не берді.
Айтпақшы, қазір «Виктория 2003» ЖШС-нің өзі қарызға белшесінен батқан. Тек атқарушылық өндіріс бойынша компания 2 миллиард теңгеден астам қарыз. Ал берешегі шаш-етектен «Аграрлық несие корпорациясының» жағдайы белгілі.
«Univill» ЖШС-нің банкротқа ұшыраған менеджері «Виктория 2003» компаниясының жерді сату келісім шарттарын жарамсыз деп тану және ет комбинатын банкроттық мүлік ретінде қайтару үшін ұзақ уақыт бойы сот арқылы күресті. Оның есептеуіне сүйенсек, мәміле құны шамамен әдейі 2700 есеге төмендетілген.
Алайда, 2022 жылдың жазында Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Әсел ДОСЫМОВА банкроттық жөніндегі басқарушыға шағымды қанағаттандырудан бас тартты. Судьяның айтуынша, Камал ГУСЕЙНОВ «Univill» ЖШС-нің бос жерлері ғана емес, оларда ет комбинаты да бар екені туралы сенімді, өзекті және рұқсат етілген дәлелдер келтіре алмады.
Өйткені, 2020 жылы «ЕМС Агро» ЖШС Сутягин зауытын жаңадан салынған өндіріс орны ретінде ресми тіркеп, іске қосады. Ал сот отырысында «Бәйтеректің» еншілес өкілдері 2018 жылдың 20 қыркүйегінде алған жер телімінде құрылыс жоқ екенін, ет комбинатын өздері іске қосып, 2020 жылғы 22 сәуірде пайдалануға берілгенін сот актісімен растаған.
Судья өз шешімін «Univill» ЖШС, «Виктория 2003» ЖШС және «Тайынша ет комбинаты» ЖШС-нің аталған жер телімдерінде жылжымайтын мүлікке ешқандай құқық берілмегенін және тіркемегенін негіздеді. Ғимаратқа құқықты бірінші болып «ЕМС Агро» ЖШС – салынған нысанды пайдалануға қабылдау актісі негізінде тіркеді.
Қ.Ақсақалов пен А.Сапаров. Фото: ғаламтордан
Сот ет комбинатының бар екенін және 2014 жылға дейін жұмыс істегенін растайтын құжаттардың, атап айтқанда еңбекақы ведомсі, зауытты пайдалануға қабылдау актісі, мал жеткізуге жасалған келісім шарт көшірмелерін қабылдаудан бас тартты. Сондай-ақ, судья зауыттың алғашқы кезде дәл осы жерде болғанын дәлелдеу үшін БАҚ-тағы жарияланымдар жеткіліксіз екенін атап өтті. Алайда, 2017 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Құмар АҚСАҚАЛОВ осы ет комбинатына келіп, журналистермен әңгімелесу барысында өндірістің салынғанына 10 жылдай уақыт болғанын айтқан. Сонымен қатар, «EMC Агро» ресми сайтында компания 2017 жылдың тамыз айында «ет өндіру кешенін» сатып алғаны жазылған еді.
2023 жылдың 3 мамырында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін растады. Бұл шошқа фермасын сатып алу оқиғасын одан әрі құпия ұстады.
2021 жылы EMC Agro компанияларының инвестициялық субсидия көлемі 909 миллион теңге болғанын айтпай кетуге болмайды. Ал оның 2022 жылғы болжамды жылдық кірісі шамамен 7,2 млрд теңгеге жетті.
«EMC Agro» компаниясын 2016 жылдың тамыз айынан бастап Қанат АЙТБЕКОВ басқарып келеді. Бұған дейін компанияның құрылтайшылары «ZENITH» ЖШС және «КапиталИнвест» (мұнда да құрылтайшының бірі «ZENITH» ЖШС) болса, екеуі де Ерлан БАЙМҚРАТОВТЫҢ еншісінде.
2018 жылдың қазан айында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында ағайынды Сутягинскийлер салған әйгілі «Биохим» зауыты салтанатты түрде қайта іске қосылды.
«Сегіз жылдан кейін ауқымды, қызықты жобаның жаңа өмірі басталады. Мұндай зауыт әлемде аз, ал Қазақстанда жалғыз. Бұрын осындай қажетті глютен мен крахмал өнімдерін импорттасақ, қазір еліміздің барлық қажеттілігін осында шығарылатын өнімдермен толық қамтамасыз етіп жатырмыз. Оған қоса, Еуропаға және Орталық Азия аймағы елдеріне экспорттаймыз», – деген ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар АҚСАҚАЛОВ
Фото: ғаламтордан
Оның айтуынша, инвестор «Bioline KZ» ЖШС кәсіпорынға 5,5 млрд теңгеге жуық инвестиция салған. Одан бұрын, яғни 2014 жылы «Биохим» зауытының «кураторлығын» Қазақстанның инвестициялық қоры өз қолына алып, проблемалық өндірістік нысанды қалпына келтіру процедурасын бастаған болатын.
«Нәтижесінде Қазақстан инвестициялық қоры құрған «Biooperations» жобалық ЖШС балансында тұрған «Биохим» активтері отандық инвесторларға 20 миллион долларға әрең сатылды», – деп жазды БАҚ.
Ал 2017 жылдың наурыз айында «Biooperations» ЖШС-інде жаңа басшы мен құрылтайшылар пайда болды. Біріншісі – Жандос ЕСЕНБАЙ, екіншісі – «ҚазМұнайГаз» өңдеу және маркетинг» және «Bioline KZ» ЖШС атанды. Жандос ЕСЕНБАЙ «Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ кредиттік менеджері және Жобалық несиелеу департаменті директорының орынбасары, «ГРАНТУМ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) басқарма төрағасының орынбасары, басқарушы директор – «БТА Банкі» АҚ Басқарма мүшесі қызметін атқарған.
«KazFoodProducts» ЖШС құрылтайшысы Ерік БАЛАПАНОВ та шамамен осы компанияларда жұмыс істеді. «Казкоммерцбанк» ААҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, «Қазақстанның даму банкі» ЖАҚ басқарушы директоры (2001-2002), «Казкоммерцбанк» АҚ корпоративтік несиелеу жөніндегі басқарушы директоры, «БТА Банкі» АҚ басқарма төрағасы, «Zenith» ЖШС директорының орынбасары, «Лондон-Алматы» СК АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
Е.Балапанов. Коллаж: tengrinews.kz
Қызық сәйкестік, солай емес пе? Ал, жалпы Қазақстандағы Сутягинский бизнесі туралы триллер элементтері бар детективтік сериал түсіруге болады. Сценарийдің бірлескен авторы Айдарбек САПАРОВ болуы мүмкін, оның көз алдында бұл іскерлік драма фарсқа көшумен өрбіді. Сапаров сол жылдары «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының (инспекциясының) басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып үлгерді.
Дәл мұндай куәгерлер алтынмен бағаланады. Оған негізгі рөл бұйырмаса да, қосалқы рөл міндетті түрде берілуі керек. Бұл хикаядағы барлық шығынды мемлекет төледі, дұрыс мизансцена болмаса, спектакль де дұрыс қойылмас па еді, кім білсін?