USD
USD
USD

СҚО: 164 мың құс қырылды

Солтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов өңірдегі құс тұмауына қатысты жағдайды айтып берді.

СҚО: 164 мың құс қырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжановтың айтуынша, 25 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірде құс тұмауы 11 ауданның 39елдімекенінде тіркелді.

Салдарынан 164 175 бас әртүрлі үй құсы қырылды.

Соның 14 мыңнан астамы – жеке аулаларда, қалған 150 мыңға жуық құс – «Бескөл құс фабрикасында» өлген.

«Облыстың 8 ауданындағы 18 елдімекен карантинге жабылды. 13 елдімекен бойынша патологиялық материалға зертханалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Бұл ауылдарда құс тұмауы расталған жағдайда олар да карантинге жабылады», – дейді Берік Әлжанов.

СҚО-да құс тұмауын жою және оның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Атқарылатын жұмыстарды үйлестіру жөніндегі жедел штаб құрылды.

«Инфекция ошағынан 20 км радиустағы жеке аулаларда үй құстарына вакцина егіліп жатыр. Осы күнге дейін 85 559 құсқа вакцина егілді. Бұл жұмыстарға 32 арнайы техника мен жеке құрам - 201 адамнан тұратын ветеринариялық мамандар жұмылдырылды», – деді Берік Әлжанов.

Маманның айтуынша, биыл жоспар бойынша 600 мың құсқа вакцина егілуі тиіс еді.

Бұл жұмыстар кей аудандарда эпидемияға дейін жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

Баспана

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі