21 Қараша 14:53
...

СҚО мен Шэньси провинциясы 93 млрд теңгеге меморандумдар мен келісімшарт жасасты

келісім
Фото: СҚО

Солтүстік Қазақстан облысының ресми делегациясының ҚХР Шэньси провинциясының Сиань қаласына сапары өтті. Бұл сапар Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары барысында қол қойылған СҚО мен Шэньси провинциясы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы келісімнің аясында өтті. Сапар Бас Консул Жошыхан Қыраубаев бастаған Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен өтті.

Алматы, NEGE. Аймақ басшысы Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Идемен ресми кездесу өткізді. Екі тарап өзара әріптестікті дамыту мәселелерін талқылап, СҚО мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспарына және «Чан-Ба» халықаралық портымен сауда байланыстарын кеңейту жөніндегі меморандумға қол қойды.

Ресми және іскерлік делегация Сиань қаласындағы бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Делегация Қазақстан-Қытай сауда-логистикалық компаниясы мен халықаралық құрғақ порттың қызметімен танысты.

СҚО
Фото: СҚО

Облыс әкімі Aiju компаниясының өнеркәсіптік кешеніне барып, Цзя Хэй компаниясының басшылығымен кездесу өткізді, сол жерде Сиань қаласында СҚО өнім орталығының ашылуы өтті. Aiju СҚО-да майлы дақылдар өндірісі бойынша ірі ауыл шаруашылығы кластерін және диірмен кешенін құрған облыстың бұрыннан келе жатқан серіктесі.

Қытайлық компания жел электр станцияларын, ет өнімдерін қайта өңдеу зауытын, азық-түлік өндірісін, логистикалық орталықты қамтитын біздің аймақтың аумағында үлкен агропарк құруды жоспарлап отыр. Аталған жобалар бойынша 93.5 млрд. теңге сомасына меморандумдар жасалды. Оның ішінде 5.5 млрд.тг-бұл «Атамекен Агро» Агрохолдингі мен «ФамСам» компаниясы арасындағы элеваторлық жабдықтарды өндіру жөніндегі келісімшарт. Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуетті инвесторлармен жеке кездесуде инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

СҚО
СҚО

Сапар аясында облыс делегациясы инновациялық жылыжайда болып, Kozybayev University-мен серіктестікті дамытатын Янлин қаласындағы Солтүстік-Батыс Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің жетістіктерімен танысты. Бұл ЖОО аграрлық ғылым саласында озық болып саналады, университетте 40 мыңнан астам студент оқиды. Облыс әкімі осы ЖОО - да оқитын қазақстандық докторанттармен кездесті. Сондай-ақ ғылыми жобаларды зерделеу үшін мал шаруашылығы бойынша Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының ашылу салтанаты өтті.

Жалпы, бұл сапар СҚО-ның егіз өңірлері мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастық пен перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа көкжиектер ашты.